
Осы бір тарихи даталы оқиғаға 35 жыл толу құрметіне орай, Астана қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты №3 балалар кітапханасында «Туған елім – тұғырым» атты мәдени шара өтіп, оған қалалық байырғы білім ошағы 14-ші орта мектептің оқушылары қатысты.
Еліміздің болашағы жас буынға кітапхана қызметкерлері ең әуелі бүгінгі егемендігіміздің іргесін қалаған құжат Декларация туралы түсіндіре отырып, аталаш саяси бағыттың нәтижесінде, еліміз қол жеткізген тәуелсіздік жетістіктері хақында таныстырды.
Атап айтқанда, республика территориясы, заңдары, рәміздері және елордасы туралы мәліметтер оқушылар арасына сұрақ-жауап стилінде насихатталып, мемлекет тарихына қатысты елеулі оқиғалар балаларды қызықтыру үшін сөзжұмбақ түрінде ұсынылды.
Мәдени шара соңында оқушылар өздері дайындап келген тәуелсіздік туралы республикамызға танымал авторлардың жырын оқыды.