Алматы • Бүгін, 15:44

Алматы колледжінде дрондар орталығы ашылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының техникалық және кәсіптік білім сапасын арттыру және жаңа форматтағы заманауи кадрларды даярлау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Алматы көпсалалы колледжінің базасында «Ұшқышсыз ұшу аппараттары» құзыреттілік орталығы өз жұмысын бастады, бұл маңызды қадам болып табылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы колледжінде дрондар орталығы ашылды

Фото: Oqu-agartu ministrligi

Алдағы уақытта орталықта жаңа оқу бағдарламасы енгізіліп, студенттерге дрондарды жобалау, құрастыру, басқару және техникалық қызмет көрсету саласында кәсіби құзыреттіліктерді меңгеруге мүмкіндік береді.

Колледждің әлеуметтік серіктестері ретінде Халықаралық білім беру және инновациялар орталығы мен Қытайдың Zhongke Borui Education Technology Research Institute ұйымдары қолдау көрсетіп отыр.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше «Құзыреттілік орталығы» инновациялық білім беру технологияларын енгізу, студенттердің робототехника, аэротүсірілім, 3D-картография және инфрақұрылымды мониторинг саласындағы практикалық дағдыларын дамыту, сондай-ақ педагогтерді дрондарды оқыту процесінде тиімді қолдануға даярлау бағыттары бойынша жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар мұнда халықаралық тренингтер, шеберлік сабақтары мен ұшқышсыз ұшу аппараттары бойынша жарыстар ұйымдастырылып, шетелдік білім беру және технологиялық ұйымдармен серіктестік байланыстар кеңейтіледі.