
Фото: gov.kz
Флешмоб өскелең ұрпақтың бойында азаматтық бірегейлікті, тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері мен дәстүрлерін құрметтеуді қалыптастыруды көздейді. Орындау барысында қатысушылар Қазақстанның жас буынының бірлігі, достығы мен ашықтығының символы - ашық алақан бейнесін жасап, бес қатарға тұрды.
Айта кетейік, 25 қазанда Қазақстанда Ұлттық мереке Республика күні атап өтіледі. Айтулы мерекеге орай, Астанада 150-ге жуық мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарланған.