Аймақтар • 22 Қазан, 2025

Ұлын төбелестірген аралдық әке айыппұл арқалады

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында ғана әлеуметтік желілерде кәмелетке толмаған екі баланың төбелесі жайлы видео тараған еді. Көрген жұрт жағаласқан екеуді айтақтап тұрған ересек азаматты кінәлаған болатын. Ол төбелесіп жатқан екі баланың бірінің әкесі болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлын төбелестірген аралдық әке айыппұл арқалады

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 128-бабының 1-бөлігімен видеодағы сол азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот Т. футбол алаңында өзінің кәмелетке толмаған ұлын кәмелетке толмаған Н.-мен төбелестіріп, оларды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартқанын дәлелдеді. Ол кінәсін толық мойындап, өз әрекетіне өкінетінін, кәмелетке толмаған алты баласының барын айтып, өзіне кешіріммен қарауды сұраған.

Сот қаулысымен бала төбелестіргіш Т.-ға 137 620 теңге айыппұл жазасы тағайындады.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10