Көрме • Бүгін, 16:46

Абу-Даби қаласында суретші-дизайнер Балнұр Асанованың көрмесі өтіп жатыр

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абу-Дабиде (БАӘ) Қазақстанның белгілі суретшісі әрі дизайнері Балнұр Асанованың «Уақыт көшпенділері» атты көрмесі өтіп жатыр. Көрме осы айдың 16-сы қазанда басталған, 25 қазанда аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абу-Даби қаласында суретші-дизайнер Балнұр Асанованың көрмесі өтіп жатыр

Фотолар: icloud.com

Көрме экспозициясы көшпенді өркениетінің жадына – Ұлы даланың дәстүрлері, рухани құндылықтары мен мәдениетіне арналған. Суретшінің еңбектері өткен мен болашақты байланыстырып, ұрпақтар сабақтастығын паш етеді.

Көрмеде ұсынылатын туындылар:

  • гобелендер – жаңа кеңістіктік тереңдікті бейнелейді;
  • сурет өнері – жарқын палитра, органикалық пішіндер мен экспрессивті мәнер;
  • керамика – ата-бабалар жадының белгісі;
  • киім коллекциялары – ұлттық өрнекті кесте мен аппликация арқылы көшпенді мәдениетінің заманауи түсіндірмесі.

Б.Асанова

Балнұр Асанова – өнертану кандидаты, «Сымбат» сән академиясының арт-директоры, халықаралық конкурстардың лауреаты. Ол Ресей, Дубай, АҚШ және Қазақстандағы сән апталықтарына қатысып, еңбектері Түркия, Австрия, Египет, Франция, Германия, Нидерланды, Италия, Швеция, АҚШ елдерінде көрмеге қойылған. Сондай-ақ оның туындылары әлемнің жеке коллекцияларында сақтаулы тұр.

Көрме күндері: 16-25 қазан 2025 жыл

Жұмыс уақыты: күн сайын 10:00-17:00

Мекенжай: Etihad Modern Art Gallery, V15, Al Huwelat St. Al Bateen, Абу-Даби, БАӘ / Кіру тегін