Медицина • Бүгін, 11:20

Медициналық қызметтер 87% автоматтандырылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елде бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе қалыптастыру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медициналық қызметтер 87% автоматтандырылды

Фото: istockphoto.com

Қазіргі таңда барлық медициналық ұйымдарда емделушілерді цифрлық сәйкестендіру жүйелері іске қосылған «Цифрлық құжат» пен Face ID жобалары арқылы азаматтар өз мәліметтерін жеңіл әрі қауіпсіз пайдалана алады.

«Есептеу мен төлемнің ашық әрі әділ жүйесін жасау мақсатында барлық өңірде «Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі» жобасы енгізілді. Медициналық анықтамаларды электронды форматқа көшіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру деңгейі – 87,3%-ды құрап отыр», деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігі де назардан тыс қалған жоқ. Астана мен Алматы қалаларында жедел жәрдем қызметкерлеріне арналған видео-жетондарды қолдану бойынша пилоттық жоба іске қосылған.

Сонымен қатар барлық медициналық деректерді бірыңғай базаға біріктіру жұмыстары жалғасып, заманауи, инновацияға және сапаға негізделген тұрақты медициналық жүйе қалыптасып келеді.