
Фото: ОКҚ
Еліміздің 79 спортшысы жеңіл атлетика, дзюдо, таэквондо, үстел теннисі, бадминтон, жүзу, еркін және грек-рим күресі секілді 8 спорт түрінен қатысады.
«Бұл бәсекелі спорт түрлері, отандық құрама бізді жақсы нәтижелермен қуантады деп үміттенеміз», деді ҚР Спорт және дене шынықтыру комитетінің мүмкіндikтерi шектеулі тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы Марат Қасқырбаев.
М.Қасқырбаевтың айтуынша елде есту қабілеті бұзылысқа ұшыраған 30 мыңға жуық адам бар. Оның тең жартысына жуығы (15 мыңдай ) спортпен шұғылданады. Елімізде 13 олимпиадалық спорт түрі дамып келеді.