
Фото: istockphoto.com
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың соңымен салыстырғанда 266 миллионға көп, ал технологияның ену деңгейі 36,5 пайызға дейін артқан.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жасанды интеллектке деген ең жоғары қызығушылықты жастар мен білімді азаматтар танытып отыр. Пайдаланушылардың 74,6 пайызы 40 жасқа дейінгі тұрғындар болса, олардың 37,5 пайызы жоғары білімді.
Қытайлық генеративті модельдер ел ішінде кеңінен қолданыс тапқан. Олар интеллектуалды ақпарат іздеу, цифрлық контент жасау, кеңсе жұмыстарын автоматтандыру және «ақылды» құрылғыларды басқару сияқты салаларда белсенді пайдаланылады.
Сондай-ақ, есепте Қытайдың әлемдік жасанды интеллект нарығындағы ықпалының артып келе жатқаны атап өтілген. 2025 жылдың сәуір айындағы деректер бойынша, елде жасанды интеллектке қатысты 1,576 миллион патенттік өтінім берілген. Бұл әлемдегі барлық өтінімдердің 38,58 пайызын құрайтын, жаһандық деңгейдегі ең жоғары көрсеткіш.