Оқиға • Бүгін, 13:00

Елімізде 5 жыл ішінде 1 млн азамат ЖИ негіздері бойынша оқытылады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда жасанды интеллект саласын өркендету жаңа кезеңге қадам басты. Қазіргі уақытта Сенатта «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Бұл құжат инновациялық технологияларды қауіпсіз әрі тиімді қолданудың құқықтық негізін бекітіп, елдің цифрлық трансформациясын жеделдетуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде 5 жыл ішінде 1 млн азамат ЖИ негіздері бойынша оқытылады

Фото: istockphoto.com

Естеріңізге сала кетейік, биыл қазан айында маңызды бастама ретінде халықаралық Alem.AI жасанды интеллект орталығы ашылды. Бұл орталық ғылыми зерттеулер, стартаптар мен халықаралық ынтымақтастықты біріктіретін инновациялық алаңға айналмақ.

«Мұнда әртүрлі халықаралық компаниялар ұсынылады. Alem.AI ғылыми зерттеулер, стартаптар және ЖИ саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшін негізгі платформа болуға тиіс. Орталықтың қызметі цифрландыру саласындағы қазақстандық шешімдердің экспортын кеңейтуді қамтамасыз етеді, бұл технологиялық және экономикалық өсуге серпін береді. Келешекте Қазақстан Орталық Азияның зияткерлік хабына айналуы тиіс», деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Үкімет алдағы бес жылда 1 миллионнан астам азаматты жасанды интеллект негіздеріне оқытуды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде елдегі 20 жоғары оқу орнында жаңа білім беру бағдарламалары енгізілді.