Жасанды интеллект • Кеше

Алматыда ЖИ мен үлкен деректерге арналған Қазақстан-Корей орталығы ашылады

60 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сеул қаласында Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Корея ғылыми-техникалық ақпарат институты (KISTI) ғылым, технология және жасанды интеллект саласындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда ЖИ мен үлкен деректерге арналған Қазақстан-Корей орталығы ашылады

Келісім Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықтың жаңа кезеңін ашып, «AI SilkNet» ғылыми-технологиялық форсайт және болжамды талдау орталығын құруды көздейді.

Жаңа орталықтың мақсаты - жасанды интеллект, үлкен деректер және сценарийлік модельдеу салаларындағы Оңтүстік Кореяның озық технологияларын Қазақстанның зияткерлік әлеуетімен ұштастыру болып табылады. Орталық Алматы қаласында, Президент жанындағы ҰҒА базасында орналасады. Оның қызметін Академия мен KISTI-дің бірлескен атқарушы комитеті басқарады. Басқару жүйесі паритет пен өзара тәжірибе алмасу қағидаттарына негізделіп, жетекшілік қызметті Қазақстан мен Оңтүстік Корея өкілдері кезекпен атқаратын болады.

Азиядағы суперкомпьютерлік және талдамалық технологиялар саласында жетекші орынға ие KISTI жүйелерінің негізінде Қазақстанда ғылым мен технологияның даму үрдістерін болжауға, басым бағыттарды айқындауға және стратегиялық шешімдер қабылдауды мемлекеттік әрі корпоративтік деңгейде қолдауға мүмкіндік беретін ұлттық болжамды талдау және форсайт жүйесі құрылмақ.

Президент жанындағы ҰҒА президенті А. Күрішбаев:

 «Біз KISTI Президенті доктор Сик Лидің қолдауын жоғары бағалаймыз және «AI SilkNet» орталығы - ғылым мен технологияның елдерді ортақ болашақ жолында біріктірудің жарқын үлгісіне айналатынына сенеміз» деп атап өтті.

Қазіргі таңда жасанды интеллект стратегиялық ойлаудың негізгі құралына айналуда. Қазақстан үшін бұл - реактивті басқарудан проактивті басқаруға көшу, яғни болжамдар мен сценарийлердің мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігіне айналады.

Орталықтың қызметі ғылыми жарияланымдар, патенттер мен технологиялар бойынша бірыңғай цифрлық платформа мен деректер базасын құруға, сондай-ақ форсайт-зерттеулерге арналған болжамды талдау құралдарын әзірлеуге бағытталатын болады.

Орталық ғылыми-технологиялық инфрақұрылымды дамыту – көптілді деректер базалары мен цифрлық платформаларды құру, форсайт және болжау – технологиялық болжау, супефорсайт және ғылым мен инновациялардағы үрдістерді талдау әдістемелерін енгізу, білім алмасу және кадрлар даярлау – бірлескен білім беру бағдарламаларын, тренингтер мен ғылыми мектептерді жүзеге асыру, ЖИ экожүйесін дамыту – зерттеушілер мен бизнеске қолдау көрсету, жасанды интеллектіні экономика, экология және денсаулық сақтау салаларында қолдану сияқты негізгі басымдықтарды қамтиды.

KISTI аналитикалық құралдарды әзірлеу, деректерді өңдеу және технологиялық болжау бағыттарында сараптамалық қолдау көрсетеді.

Болашақта «AI SilkNet» орталығының тәжірибесі Орталық Азия елдеріне таралып, деректерге негізделген болжау мен шешім қабылдау бойынша өңірлік желі қалыптастыруға ықпал етпек.

Осы ынтымақтастықтың негізінде Қазақстан, Оңтүстік Кореяда ғылым мен технологияның ұлттық басымдықтарын айқындау барысында тиімділігін дәлелдеген озық әдістемелер мен тәжірибелерге қол жеткізеді.

Алматы