
Фото: istockphoto.com
Әлем бойынша ақ нанның орташа құны шамамен 1100 теңгені құрайды. Ең қымбат нан Исландияда сатылса, мұнда 500 граммдық бөлкенің бағасы 2260 теңгеге жетеді. Ал ең арзан нан Алжирде — 94 теңге шамасында.
Соңғы 12 айдағы деректер негізінде жасалған рейтингте Қазақстан ең арзан нан сатылатын елдердің қатарынан орын алып, 6-орынды иеленді. Біздің елде ақ нанның орташа бағасы — 230 теңге.
Баға көрсеткіші жоғары мемлекеттердің қатарында Швейцария (2050 теңге), АҚШ (1950 теңге), Норвегия (1855 теңге) және Люксембург (1798 теңге) бар. Сондай-ақ, Австрия, Ямайка және Дания елдері де ең қымбат нан бағасы тіркелген алғашқы ондыққа енді.
Ең арзан нан сатылатын елдердің үздік үштігіне Алжир (94 теңге), Тунис (105 теңге) және Ливия (151 теңге) кірді.