
Фото: gov.kz
Бұл жоба оқушылардың қаржы саласындағы білімін арттырып, қаржылық жауапкершілігі мен цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруды көздейді.
Олимпиаданың бірінші (мектепішілік) кезеңі 17 қазан күні өңірлерде офлайн форматта өтеді. Қатысушылар 30 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын 60 минут ішінде орындауы тиіс. Үздік нәтиже көрсеткен 30 оқушы келесі кезеңге жолдама алады.
Төрт кезеңнен тұратын олимпиаданың финалы 2026 жылдың мамыр айында Астана қаласында өтеді. Қорытынды кезеңде әр өңір мен республикалық білім беру ұйымдарынан үздік шыққан 150-ден астам оқушы бақ сынайды.