
Фото: istockphoto.com/
2026 жылы Қытайдың орталық мемлекеттік органдары мен оларға бағынысты құрылымдарға барлығы 38 100 жаңа қызметкер қабылдау жоспарланған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1 602 адамға аз, яғни 2019 жылдан бергі алғашқы қысқарту болмақ.
Соған қарамастан, ел билігі жас мамандарды жұмысқа тартуға ерекше назар аударып отыр. Ұсынылған бос орындардың шамамен 26 мыңға жуығы соңғы жылдары жоғары оқу орнын тәмамдаған түлектерге арналған.
Мамандық иелерінің жас шегін кеңейту жөніндегі шешім Қытайдың зейнет жасын кезеңдеп арттыру бағытымен үндес.