Аймақтар • Бүгін, 19:18

Қауіптің алдын алған дұрыс

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстағы «AMANAT» партиясының белсенділері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен рейд ұйымдастырып, ашық қалған коммуникациялық люктер, электр қондырғылары және балалар мекемелеріндегі терезелердің жағдайын тексерді, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Қауіптің алдын алған дұрыс

Коммуникациялық люктердің темір қақпақтарын алуға тиым салынғанымен темір қалдықтарын жинайтын кейбір ұйымдар әлі күнге ондайды ішінара қабылдай береді. Соның кесірінен ішімдікке құмар, азып кеткен адамдар қоршаған ортаға қауіптілігін ескермей қаланың шетіндегі люктердің қақпағын темір жинаушыларға өткізіп, бетін ашық қалдырған. Аманаттықтар осы мәселені анықтап, тиісті мекемелерден пластмассалық  қақпақтар алғызып, бетін жапқызды.  

«Біз қайғылы жағдайды күтіп отырмай, алдын алу шараларын күшейтуіміз керек. Әрбір адам қауіпті байқаса, жауапты мекемелерге дереу хабарлауы керектігін ескертеміз», – деді қалалық мәслихат депутаты Тимур Жұманов.

Рейд барысында сондай-ақ аулалардағы электр қондырғылары да тексерілді. Сонымен бірге  мектептер мен балабақшалардағы терезелерге орнатылған бекіткіштердің бар-жоғы анықталды.

ПЕТРОПАВЛ