
фото: ҚФФ
«Біз Ташкентте Өзбекстан құрамасымен екі жолдастық кездесу өткіздік. Мұндай мүмкіндік кезінде екі ойындық форматты таңдадық, себебі біздің жігіттерге халықаралық тәжірибе қажет. Сонымен қатар құрамның әлеуетін тексеріп, барлық футболшыға ойын тәжірибесін бергіміз келді», деді бапкер.
Алайда қос кездесу де сәтсіз аяқталды. Бапкерлік штаб ойыншылардың көңіл-күйіне Андоррадағы ауыр жеңілістің әсер еткенін байқаған.
«Жігіттер Андоррадағы матчтан кейін Өзбекстанға қарсы алғашқы ойында жанкүйерлерді қуантқысы келді. Бірақ соңғы минуттарда гол жіберіп, 0:1 есебімен ұтылдық. Екінші ойында қарқын алып, жылдам гол соқтық, алайда мүмкіндіктерімізді пайдалана алмай, тағы да жеңіліп қалдық», деді ол.
Екінші матчтан кейін жаттықтырушы киім ауыстыратын бөлмеде командаға өз шешімін хабарлаған.
«Ойыншыларға кәсібилігі үшін алғысымды айтып, Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне сәттілік және қазіргі жағдайдың тезірек оңалуын тілеймін», деді бұрынғы аға бапкер.