Аймақтар • Бүгін, 09:35

Жетісу облысындағы ауылдарды сумен қамтуға қаржы бөлінді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет осы мақсатқа Арнаулы мемлекеттік қордан 480 млн теңге бөлді. Қаржыға Жетісу облысындағы сумен жабдықтау жүйелері жаңғыртылып, құрылыс жұмыстары жүргізіледі, деп жазады Egemen.kz.

Жетісу облысындағы ауылдарды сумен қамтуға қаржы бөлінді

Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар

Жоба бойынша Алакөл ауданының Қоңыр ауылында ұзындығы 17 шақырым су желісін тарту және Қаратал ауданының Ұмтыл ауылында 4,8 шақырым су желісін жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде, мыңнан астам ауыл тұрғыны ауыз сумен қамтылады.

Биыл Жетісу облысында сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту және салу бойынша 18 жоба жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылдың соңына қарай өңірдегі орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған ауылдардың үлесін 99,9%-ға дейін жеткізу көзделген. Бұл өңірдегі 329 ауыл мен шамамен 697 мың облыс тұрғынын қамтиды. 

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 6 мың жұмыс орны құрылды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Республика күні Әл-Фараби көзімен

Республика күні • Кеше