
Фото: ҰОК
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, аталған чемпионатта Қазақстан құрамасы 8 алтын, 7 күміс, 8 қола, барлығы 23 медаль жеңіп алып, командалық есепте екінші орынға ие болды.
Бірінші орынды Қытай құрамасы (40 алтын, 10 күміс, 4 қола) алса, үшінші орын Жапонияға (5 алтын, 12 күміс, 4 қола) бұйырды.