Әлем • 13 Қазан, 2025

Техаста ұшақ апатқа ұшырады

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұшақ Техас штатындағы Форт-Уэрт қаласының Хикс әуежайы маңында құлаған, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Техаста ұшақ апатқа ұшырады

Фото: istockphoto.com

Хабарланғандай, оқиға орнында екі адамның қаза тапқаны расталды. Апат салдарынан кемінде он жартылай тіркеме зақымданып, арты үлкен өртке ұласқан.

«Форт-Уэрт өрт сөндіру бөлімі Таррант округіндегі Business 287 жол бойындағы Хикс әуежайының маңында ұшақ апатын растады»,  делінген ақпаратта.

Әзірге ұшақта болған адамдардың нақты саны жария етілмеді.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Жоғалған шопан табылды

Оқиға • 20 Қаңтар, 2026