
Төтенше жағдай Қайранкөл көлінде тіркелген. Ер адам моторлы қайықпен балық аулауға шыққан, бірақ белгісіз себептермен суға құлап, өздігінен жағаға жете алмаған.
Оқиға туралы хабар түскеннен кейін ТЖМ-нің жедел-құтқару жасағы дереу оқиға орнына жетіп, ер адамды судан алып шыққан.
«Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді, кейін дәрігерлерге тапсырылды. Алайда, өкінішке қарай, ер адам қатты тоңудың салдарынан көз жұмды», – делінген ТЖД хабарламасында.
ТЖМ мамандары қолайсыз ауа райы жағдайында су айдындарына шығу қауіпті екенін ескертеді.
Қауіпсіздік мақсатында:
- қайықтың техникалық жағдайын алдын ала тексеру;
- міндетті түрде құтқару кеудешесін кию;
- байланыс құралын өзімен бірге алып жүру қажет.