Үкімет • Бүгін, 09:08

Арал тағдыры – жаһандық мәселе

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның төрағалығымен өтіп жатқан Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ) басқармасының екінші отырысына қатысушы елдер делегацияларының басшыларымен кездесу өткізді.

Арал тағдыры – жаһандық мәселе

Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорының қызметіне баса мән береді және аталған ұйымды өңір­дегі экологиялық сипат­тағы мәселелерді шешудің, транс­ше­каралық су пайда­ла­ну­дың ұтымды әрі өзара тиімді құрал­дарының бірі ретінде қарас­ты­рады.

Кездесуде Арал теңізіндегі су деңгейін арттыру жөнін­де­гі бірлескен шаралар, соның ішінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты халыққа Жолдауында айтқан бастамалары шеңберінде талқыланды.

Олжас Бектенов өз сөзінде ХАҚҚ-қа қатысушы мем­ле­кеттердің басшылары энер­гетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде стратегиялық маңызы бар су-энергетикалық ресурстарын пайдаланудың ұтымды тәсіліне басымдық беретінін атап өтті.

Осы жылдың вегетациялық кезеңі өте қиын өтті. Күрделі жағ­­дайларға қарамастан, үкі­мет­тердің сындарлы өзара іс-қимылы Арал теңізі бас­­сей­нінде тұрақты су режімін қам­­тамасыз етуге мүмкіндік берді. Премьер-министр Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Үкіметтерінің басшы­ларына алғысын білді­ріп, үйлестірілген жедел іс-қи­мыл­­дар арқылы ғана елеулі шы­ғын­­­­дардың алдын алуға болатынын айтты.

«Әр елдің өз ұлттық мүд­десі бар, біз оны қашан да қорғауға міндеттіміз. Бірақ біздің ортақ стратегиялық, ұзақмерзімді басым мақса­тымыз тату көршілік қарым-қатынас екені сөзсіз. Күн­делікті, қысқамерзімді міндеттерді шешуде біз ұзақ­мер­зімді басымдықтарға нұқ­сан келтірмеуіміз керек. Мәселелерді әрқашан өзара тиімді әрі қолайлы негізде шешу үшін бірлескен шаралар қабылдайтынымызға сенімдімін», деді О.Бектенов.

Қазақстанның төраға­­лы­ғы аясында жүргізі­летін жұ­мыстың басым бағыт­­та­ры­ның бірі – цифрлық трансформация және су саласында жасан­ды интеллектіні қолдану. ЖИ енгізу суды пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етеді және су шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Арал теңізі бассейнінде су ресурстарын есепке алудың, мониторинг жүргізудің, басқарудың және бөлудің бірыңғай автомат­­­тандырылған жүйесін енгізу бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығы да атап өтілді.

Кездесу барысында, сондай-ақ Тәжікстан Премьер-министрінің орынбасары Зиёзода Сулаймон, Өзбекстан Президентінің кеңесшісі Шухрат Ганиев, Түрікменстан ауыл шаруашылығы министрі Чарыяр Четиев сөз сөйледі.

Талқылауды қорытын­­ды­­лай келе, Олжас Бектенов Қазақ­­станның ашықтық, ынты­­мақ­тастық және сындарлы диалог қағидаттарына бейіл екенін нақтылады.