Спорт • Бүгін, 08:45

Жарыс күнделігі

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

22-26 қазан аралығында Чилидің астанасы – Сан­тьягода тректегі велоспорттан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Бұл бәсекеде Рамис Дін­мұхаметов, Дмитрий Носков, Әлішер Жұма­қан, Илья Карабутов, Кирилл Курдиди, Рама­зан Мұхтар және Данияр Шаяхметов сынды жерлес­теріміз өнер көрсетеді.

Жарыс күнделігі
  • 14-21 қазан аралығында Семейде бокстан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді. Аталған жарыста республикамыздың барлық өңірінен келген 370-тен аса былғары қолғап шебері күш сынасады. Қатысушылар World Boxing ұйымы бекіткен салмақ дәрежелері бойынша өнер көрсетеді. Бұл бәсекеден тек биыл Ливерпульде ұйымдастырылған әлем чемпионатынан олжалы оралған оғыландар ғана босатылды.
  • Қазақстанның бі­рінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA тур­нирінің 1/8 фина­лында чехиялық Лин­да Носковадан 6:3, 6:4 есебімен басым түсті. Енді ол әлемдік рейтингтің көшбасында тұрған Беларусь теннисшісі Арина Соболенкомен шеберлік байқасады.
  • Баскетболдан биылғы ел чемпионатында бес команда ғана бақ сынайды. Олар – «Алматының легионы», «Астана», «Тобыл», «Каспий» және «Атыраудың барысы». Ал қалған клубтар қаражат тапшылығы салдарынан жарысқа қатысудан бас тартты. Солардың қатарында 2023–2024 жылғы маусымның жеңімпазы – Алматының «Ирбис–Алатауы» да бар.
  • Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсетіп жүрген «Барыс» Челябіге сапар шегіп, жергілікті «Трактормен» кез­десті. Бәсеке барысында айдын иелері арасынан Андрей Светлаков пен Алек­сандр Кадейкин нысана­ны дәл көздесе, қонақ­тар­дың сапынан Максим Мұха­метов пен Семён Симонов мергендік танытты. Қосымша уақыт тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Бұл ретте «Трактордың» жолы болды. Есеп – 3:2.
  • Су добынан Үндістанда өтіп жатқан Азия чемпионаты нағыз қызған шағына жетті. Ватер­полдан еліміздің әйелдер құрамасы ширек финалда Сингапурды (10:7) сан соқтырса, ерлер Өзбекстанның (27:11) тас-талқанын шығарды. Енді жартылай финалда Қазақстанның қос командасы да Қытай құрамасымен кездеседі.