21 Наурыз, 2015

Күн тәртібі нақтыланды

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Депутаттар назарына «Бітімгершілік қызмет туралы» заң жобасын ілеспелі түзетулермен бі­рін­ші оқылымда, ал, «Үшінші елдерге қатыс­ты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтем­ақы шаралары туралы» заң жобасын ілеспе­лі түзетулермен екінші оқылымда қарау ұсынылады. Сондай-ақ, Мәжіліс жалпы отырыста екі ратификациялық құжат бойынша, атап айтсақ, Қырғыз Республикасымен Шекара ауданындағы сенім шаралары жөніндегі келісімді және Шекара өкілдерінің қызметі туралы қазақстандық-қырғызстандық үкіметаралық келісімді ратификациялауға қатысты заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындайды.