Жазылу • Бүгін, 08:00

Басылымдарға жазылу басталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазпошта» осы аптада мерзімді басылым­дар­ға жазылу басталғанын хабарлады. Оқырмандар 2026 жылы 3 мың газет пен журналға жазыла алады. Интернет-ресурстардың дамуына қарамастан, баспасөз басылымдары әлі де қоғамдық пікір мен ұлттық құндылықтарды қалыптастыратын сенімді ақпарат көзі болып қала береді. Жазылым науқаны аясында «Қазпошта» акционерлік қоғамы «Балаларға сыйлық жаса: газет пен журналдарға жазыл» атты әлеуметтік жобаны жүзеге асырмақ. Бұл жоба тұрмыстың қиындығына тап болған балаларды танымдық басылымдармен қамтамасыз етуге бағытталған.

Басылымдарға жазылу басталды

Пошта сервисі және мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі басқарушы директор Бағлан Оразбай ­баспа басылымдарының маңыздылығын және олар­ды жеткізудегі «Қазпоштаның» рөлін атап өтті. Күн сайын сұрыптау учаскелері арқылы мыңдаған дана басылым қатталып, ең шалғай ауылдарға жеткізіледі.

подписка

Жазылым мерзімі республикалық басылым­дарға 2025 жылғы 25 жел­тоқсанға дейін, шетелдік басылымдарға 2025 жылғы 10 желтоқсанға дейін жал­ғасады. Жазылуды www.qazpost.kz сайтында немесе Qazpost мобильді қосымшасында оңай әрі жылдам рәсімдеуге болады. 2026 жылға арналған газет-журналдар каталогы https://qazpost.kz/ru/help/tariffs?tab=pochtovye-uslugi сілтемесінде орналастырылған.

Барлық қажетті ақпарат qazpost.kz сайтында, «Қазпошта» АҚ-ның әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында орналастырылған. Толығырақ «Қазпошта» АҚ Байланыс орталығының 1499 телефоны арқылы білуге болады.