Экология • Бүгін, 17:14

Өңірлерде күзгі ағаш отырғызу жұмыстары басталды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы Бақдаулет Амангельдинов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірлерде күзгі ағаш отырғызу жұмыстары басталды

Фото: Видеоскрин, qazaqormany

Мемлекет басшысы орман қоры аумағына 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырма бергені мәлім. Аталған комитетте жарияланған мәліметке сүйенсек, Президент тапсырмасын орындау шеңберінде 2021 жылдан бастап шамамен 1 млрд 400 млн түп көшет отырғызылған.

Биылғы жоспар – 372,7 млн дана, оның 241,3 млн данасы көктемде отырғызылса, қалған көлемді орындау күзгі кезеңде жалғасып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысында – 3,4 млн-нан астам көшет;

Шығыс Қазақстан облысында – 2,3 млн түп көшет;

Павлодар облысында – 540 мың түп көшет;

Қарағанды облысында – 300 мың түп көшет отырғызылды.

Аталған жұмыстар Қостанай және Абай облыстарында да басталған.