
Фото: syrdaria_turkestan, инстаграм
Отырар ауданының 3 тұрғыны аталған аумақтан қабан аулаған. Күдіктілерден айғақ ретінде алынған 2 мылтық, 4 жарық шамы Отырар аудандық полиция бөліміне (АПБ) тиісті шешім қабылдау үшін өткізіліп отыр.
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда заңсыз аңшылық еткен азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің баптарына сәйкес 70 АЕК көлеміндегі айыппұл арқалауы мүмкін. Ал «қабан» жануарын заңсыз олжалау үшін келтірілген залал соммасы 250 АЕК тең. Сондай-ақ топпен аңшылық жасау әрекеттері ҚР ҚК-не сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады», делінген аталған табиғи парк хабарламасында.