Футбол • Бүгін, 08:17

Астанада Лихтенштейнді қабылдайды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026 жылы өтетін әлем чемпио­натының іріктеу турнирі аясында еліміздің құрамасы 10 қазанда Астанада Лихтенштейнді қабыл­даса, 13 қазанда Скопьеде Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды.

Астанада Лихтенштейнді қабылдайды

Сурет:kff.kz

Ұлттық құраманың бапкерлері алдағы матчтарда мына ойын­шыларға сенім артып отыр: Қақпашылар – Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»). Қорғаушылар – Сергей Малый, Сағадат Тұрсынбай, Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Әлібек Қасым, Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Ян Вороговский, («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Зуев, Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Александр Мрынский, Еркін Тапалов («Қайрат»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»). Жартылай қорғаушылар – Серікжан Мұжықов, Дәурен Жұмат («Оқжетпес»), Исламбек Қуат, Дінмұ­хамед Қараман («Жеңіс»), Рамазан Оразов, Алмас Төлебай, Ғалымжан Кенжебек («Елімай»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Бақтиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу», Ресей), Мұроджон Халматов, Эльхан Астанов («Ордабасы»), Дамир Қасаболат («Қайрат»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Айбол Әбікен («Қайсар). Шабуылшылар – Оралхан Өміртаев, Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Дастан Сәтбаев («Қайрат»), Алияр Мұхамед («Оқжетпес»), Иван Свиридов («Елімай»), Рамазан Кәрімов («Астана»).

J тобында ойнайтын жерлестеріміз бес кездесудің тек біреуінде ғана жеңіске жетті. Қалған төрт бәсекеде ұтылды. Қоржында небәрі 3 ұпай бар. Алдымызда – Солтүстік Македония (11 ұпай), Бельгия (10 ұпай), Уэльс (10 ұпай), еліміз турнир кестесінде төртінші, соңғы орында – Лихтенштейн (0 ұпай).