
Фото: Mäjilis
Мәжілісменнің айтуынша осыдан 15-20 жыл бұрын пәтер салу кезінде 2-3 бөлмелі пәтерлерге басымдық берілсе, қазір қалаларда берілетін пәтерлердің жартысы – 1 және 2 бөлмелі.
«Статистиканы әдейілеп қарадым. Кейінгі 10-15 жылда 1 бөлмелі пәтерлердің үлесі тең жартысына артқан. Салынатын пәтерлердің көбі 1 және 2 бөлмелі болса, көпбалалы отбасылар оған кіре алмайды. Осыны болдырмау үшін құрылыс компанияларына «қалаларға осынша бөлмелі пәтер көбірек керек» деген сигнал берілу керек сияқты. Өйткені баласы көп отбасыларды жер үйлерге ығыстырып жатырмыз. Олар өңірлерге көшуге мәжбүр. Құрылыс нарығын реттеу ісінде де демографиялық саясат болу керек», деді Айдос Сарым.
Депутаттың ұсынысын Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев қолдауға дайын екенін айтты.
«Онда біз Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, нормативтік жолын пысықтайық», деді министр.