Ғылым • Бүгін, 08:08

Жас ғалымдар көбейді

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде ғылым жолына бет бұрған жастардың қатары артып келеді. Биыл магистратура мен докторантураға түсуге ниеттілер саны көбейіп, мемлекеттік гранттар көлемі де артқан.

Жас ғалымдар көбейді

Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегінше, биыл ма­гистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге 51 мыңнан астам өтініш түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,5 мыңға артық. Сынаққа қатысқан 47 798 үміткердің жартысына жуығы, яғни 23 065 талапкер шекті ұпай жинаған. Орташа көрсеткіш те жоғарылап, КТ-ның орташа балы 72,9-ға жеткен.

Магистратураға 13 554 мем­­лекеттік грант бөлінген. Оның ішінде инженерлік-техни­калық бағыттарға – 3 338, педа­гогикалық ғылымдарға – 3 225, ақпараттық-коммуни­кациялық технологияларға – 1 315, жаратылыстану ғылым­дарына 1 268 грант қарас­тырылған.

Биыл докторантураға қы­зығушылық та айтарлықтай өскен. Қабылдау сынақтарына 4 307 адам қатысып, олардың 3 146-сы білім алуға мүм­кіндік ал­ған. 2025–2026 оқу жылына 2 919 мем­­лекеттік грант бө­лінді. Оның ішінде педаго­гикалық ғы­лымдарға – 486, ин­женерлік және құрылыс салаларына – 615, ақпараттық-коммуникациялық техно­логияларға 161 грант бөлінген.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, қазір докторантураға қабылдау рәсімі толықтай жоғары оқу орындарының құзыретінде. Бұл университеттердің акаде­миялық дербестігін арттырып, ғылыми кадрлар даярлаудың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.