
Алматылық «Қайрат» командасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қазан айындағы матчтарда Қазақстан құрамасына қөмектесе алмайды. Ресми мәлімет бойынша, футболшы жарақат алған.
Жексенбі күні Сәтпаев «Жетісуға» қарсы өткен кездесуде толық 90 минут алаңда болып, тіпті гол да соққан еді.
Клубтың ардагері Құралбек Ордабаев бұл жағдайға қатысты пікір білдірді:
«Соңғы матч алдында Дастан өзін жайсыз сезінген, бірақ командаға көмектескісі келіп, ешкімге тіс жармаған. Соған қарамастан, ол толық ойын өткізіп, гол соқты. Бірақ матчтан кейін ауырсыну күшейіп, медициналық штабқа жүгінуге мәжбүр болды. Тексеру кезінде сол жақ жамбас бұлшықетінде шамамен төрт сантиметрге жуық ісіну, сіңірдің созылуы және микрожарықтар анықталды. Бұл жас ағза үшін үлкен жүктеме, сондықтан дәрігерлер оған клуб базасында қалып, қалпына келу курсынан өтуді ұсынды», дейді ол.
Құрама сапына чемпиондар қатарынан тек Дамир Касабулат қана қосылды.
Айта кетейік, әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде J тобының турнирлік кестесінде тартыс қыза түсті. Қазір көш басында 5 матчтан кейін 11 ұпай жинаған Солтүстік Македония, екінші орында — 4 ойыннан 10 ұпай жинаған Бельгия, ал дәл сондай ұпаймен 5 матч өткізген Уэльс үшінші орында.
Қазақстан құрамасы 5 ойында 3 ұпай жинап, төртінші сатыда тұр. Ал барлық бес матчта жеңілген Лихтенштейн турнир кестесін түйіндеп тұр.