Аймақтар • Бүгін, 10:18

Ақмола облысында мемлекеттік бағдарлама қаржысы жымқырылған

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР қаржылық мониторинг агенттігі осал топтардың тұрғын үй кезегін қысқартуға бағытталған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға бөлінген бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп жазады Egemen.kz.

 

Ақмола облысында мемлекеттік бағдарлама қаржысы жымқырылған

Фото: egemen.kz/Ерлан Омар

2020 жылы «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «НИКС Инжиниринг Групп ИВ» ЖШС 500 млн теңгеден астам сомаға келісімшарт жасағанмен, мердігер құрылыс бөлімі басшысының көмегімен іс жүзінде орындалмаған акт өткізіп отырған. Актте жұмыс көлемі ұлғайтылып, құны жоғарылатып көрсетілген. 

3 жыл бойы жасалған заңсыз әрекеттерден бюджетке 152 млн теңге көлемінде зиян келтірілген. 

«Сот санкциясымен күдіктілердің 100 млн теңгеден астам құны бар мүлкіне қол қойылды. Мердігерге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді», делінген ҚМА хабарламасында. 

Сондай-ақ агенттік өзге мәліметтер Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайтынын мәлімдеп отыр.