
СУРЕТ: martok-tynysy.kz
Ұлдар арасында аса жеңіл салмақта күресіп жүрген Талғат Орынбасардың есімі көпшілікке жақсы таныс. Алдымен жасөспірімдердің әлемдік сайысында қола медаль иеленіп, 2023, 2024 жылдары жастар жарысында да сол нәтижені қайталаған балуан былтыр Душанбедегі додада сербиялық Матью Жеремик пен қырғыз Адис Орозмаматовты жолынан ығыстырып, ширек финалда тәжік Лоик Кудбуддиновке есе жіберді. Одан кейін италиялық Винченцо Манферлотти мен әзербайжандық Низами Имрановты ұтып, үшінші сатыға табан тіреді. Бұл жолы жанкүйерлер Талғаттан алтын медаль күтеді. Тәжікстанның бас шаһарында өткен чемпионатта Талғаттан бөлек 81 кг салмақта сынға түскен Азат Күмісбай да қола медальға қол жеткізген болатын.
Сондай-ақ Телжан Сұлтанбай (60 кг), Ақылжан Жұбатқанов, Қайырхан Әбдірахман (66 кг), Омар Нұрбергенов (73 кг), Даниил Крылов, Арман Біләлханов (90 кг), Асқар Бержанов (100 кг), Жантілек Нұртілепұлы (+100 кг) белдеседі.
Қыздар сайысында Тасним Әбдуәлі, Сабина Юлдашбекова (48 кг), Нұрайлым Сәрсенбек, Аяулым Қайрат (52 кг), Дана Әбдірова (57 кг), Ділназ Досберген (63 кг), Көркем Орымбек (70 кг), Анастасия Нагачевская мен Салтанат Ахметоваға (+78 кг) сенім артылып отыр.