Теннис • Бүгін, 18:00

Қазақстандық теннисшілер Үндістандағы чемпионатта бақ сынайды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11-15 қазан күндері Үндістанның Бхубанешвар қаласында үстел теннисінен Азия біріншілігі өтеді. Бұл жарыста құрлықтың үздік спортшылары бас қосып, командалық және жеке сындарда бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық теннисшілер Үндістандағы чемпионатта бақ сынайды

Фото: Ашық дереккөз

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, чемпионатқа Бангладештен бастап Жапонияға дейінгі 20-дан астам мемлекет спортшылары жиналады. Олардың ішінде Қытай, Корея, Иран, Сингапур сынды мықты құрамалар да бар.

Қазақстан атынан ерлер командасында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжіғұлов, Ескендір Харки мен Санжар Жұбанов өнер көрсетеді. Әйелдер құрамында Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Әнел Бақыт, Жанерке Көшкімбаева және Альбина Жақсылықова ел намысын қорғайды.