Ғалам ғажаптары • 02 Қыркүйек, 2025

Бір үйден шыққан үш чемпион

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Болгарияның Албена қаласында армрестлингтен өткен Әлем чемпионатында «Шардара Армспор»құрамасының спортшылары, бір әулеттің үш ұлы қатарынан Әлем чемпионы атанды, деп жазады Egemen.kz.

Бір үйден шыққан үш чемпион

Бұған дейін ел тарихында бір әулеттің үш ұлы бір жарыста чемпион атанбаған. Жасөспірімдер арасында өткен сайыста ел намысын қорғаған спортшылардың ең кенжесі – Ибрагим Бекнұр. 14 жасар спортшы 45 кг салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Оның ағасы Ибрагим Азамат – 15 жаста. Ол 50 кг салмақта жеңіске жетсе, 18 жастағы Ибрагим Әділет 65 кг салмақта топ жарды.