
Фото: Ашық дереккөз
7 қазанда – физика, 8 қазанда – химия, 9 қазанда – әдебиет саласының лауреаттары анықталады. Ал 10 қазанда Нобельдің ең көп назарға ілігетін марапаты Бейбітшілік сыйлығының иегері жария етіледі. 13 қазанда экономика бойынша, дәлірек айтсақ, Альфред Нобельдің құрметіне Швеция Ұлттық банкі тағайындаған сыйлықтың иегері анықталмақ.
Айта кетейік, биылғы жылы АҚШ президенті Дональд Трампты да Бейбітшілік сыйлығына бірнеше ел ұсынған еді. Дегенмен 3 қазанға дейінгі деректерге сәйкес, оның жеңу ықтималдығы небәрі 3 пайызды құрады. Ең жоғары мүмкіндіктер азаматтық соғыс кезінде гуманитарлық көмек көрсетуде маңызды рөл атқарған Суданның Төтенше жағдайларға ден қою орталықтарына (24%) және UNRWA-ға (9%) тиесілі.