Спорт • 05 Қазан, 2025

Шавкат Рахмонов октагонға оралуына қатысты мәлімдеме жасады

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC-де жеңіліссіз өнер көрсетіп келе жатқан қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов ұзақ үзілістен кейін алғаш рет әлеуметтік желіде жазба жариялап, келесі жекпе-жекке белсенді дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шавкат Рахмонов октагонға оралуына қатысты мәлімдеме жасады

Спортшы өз жазбасын жексенбі, 5 қазанда Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде жариялады.

«Күн сайын бар күшімді жаттығуға жұмсап жатырмын. Жақында октагонға қайта ораламын, шыдамым таусылып барады», – деп жазды Рахмонов.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Рахмонов жарақат алып, UFC-дегі мансабымен қош айтысады деген ақпарат тараған болатын.

Ағылшынтілді Twitter-де тараған хабарламаларда спортшының тізесінен жарақат алып, алдағы айларда октагонға қайта орала алмайтыны айтылды. Ал ресейлік MMA қауымдастығында одан да даулы мәлімдеме жасалып, Рахмонов AҚШ промоушенінде енді өнер көрсетпейді деген ақпарат тарады.

Алайда біраз уақыт өткен соң Рахмонов жаттығатын Dar Team командасының әлеуметтік желісінде спортшының жаттығу үстіндегі бірнеше фото және видео жарияланды, онда ол жарақат алған адамға ұқсамайды.

Tengri Sport тілшісі Рахмоновтың жаттықтырушысы Эдуард Базровтан пікір алды. Ол шәкіртінің қазіргі жағдайы туралы нақты ақпарат жоқ екенін айтты.

Ал Vesti.kz сайтының сауалына Рахмоновтың менеджері Саят Абдрахманов: «Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Ұлыс пен ырыстың негізі

Наурызнама • Бүгін, 08:50

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

«Amanat» партиясының үндеуі

Партия • Бүгін, 08:22

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20