Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Ақтауда TurkicSkills 2025 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бүгін Ақтау қаласында Қазақстанның бастамасымен тұңғыш TurkicSkills халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті - деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақтауда TurkicSkills 2025 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Чемпионатқа Түркі мемлекеттерінен келген техникалық және кәсіптік ұйымдарының студенттері, сарапшылар сала өкілдері қатысуда.

Іс-шараның басты мақсаты — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде үздік тәжірибені тарату, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және жастардың кәсіби әлеуетін арттыру.

Чемпионаттың ашылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова қатысты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы - деп жариялауы — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды кезеңінің басталуы болды. TurkicSkills чемпионаты — осы жылдың басты оқиғаларының бірі. Бұл алаң жастардың кәсіби шеберлігін көрсетіп қана қоймай, түркі елдері арасындағы ынтымақтастықты, тәжірибе алмасуды тереңдетеді», — деді ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Майра Мелдебекова.

Чемпионатқа 70-тен астам студенттер мен жас маман және 90 сарапшы қатысуда. Олар инженерия, ақпараттық технологиялар, өндіріс, робототехника және қызмет көрсету салалары бойынша бақ сынайды.
TurkicSkills чемпионаты 9 қазанға дейін жалғасады.