Мектеп • Бүгін, 07:45

Қайтарылған қаражат есебінен мектеп салынды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған №8 мектеп-лицей салтанатты түрде ашылды.

Қайтарылған қаражат есебінен мектеп салынды

Ол 1952 жылы салынған апатты мектептің орнына салынды. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес білім жағдайын жақсарту және сапалы білімнің баршаға бірдей қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды.

Бұған дейін Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан мектеп құрылысына 2,8 млрд теңге бөлген еді. Жаңа ғимарат 400 оқушыға шақталып салынған және балалардың білім алуына барлық жағдай жасалған.