
Жарыста ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сайыс пен мұздағы биден медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Шетелдік бірқатар белді спортшы өнер көрсетеді. Еліміздің намысын қорғайтын мәнерлеп сырғанаушылар арасындағы ең атақтысы Михаил Шайдоров. 21 жастағы алматылық сайыпқыран биыл үш бірдей байрақты бәсекеде жеңіс тұғырынан көрінді. «Төрт құрлық біріншілігінде» алтын, әлем чемпионатында күміс, Азия ойындарында қола медаль олжалады. Ерлер жарысында Шайдоровтан бөлек, Диас Жиренбаев, Никита Кривошеев, Олег Мельников бақ сынайды.
Әйелдер арасындағы ең үздік спортшымыз София Самоделкина жарақатына байланысты Денис Тен мемориалына қатыса алмайтын болды. Оның орнын София Фарафонова, Әмира Ирматова, Вероника Коваленко, Нұрия Сүлеймен, Әмина Алексеева, Карина Ысқақова, Русалина Шәкірова сынды арулар басты. Мұздағы биде талай дүбірлі дүрмекте ысылған Бойсангур Датиев пен Гауһар Наурызова жұбы өнерлерін ортаға салады.