
Марапат Шымкент қаласында өткен «Қазақстан кітапханалары: кітап оқу мәдениеті, жасанды интеллект және цифрландыру» тақырыбында өткен көшпелі отырыс аясында салтанатты түрде табысталды. Жиында Гүлмира Мұрат-қызы «Жергілікті қаламгерлер шығармашылығы – кітапханалар қорын толықтыру көзі ретінде» тақырыбында баяндама жасап, Абай кітапханасының іс-тәжірибесімен бөлісті. Облысқа қарасты кітапханалар қорларын толықтыру жұмысы туралы баяндады.
– Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада бүгінде 400 мыңға жуық кітап қоры бар. Оның ішінде 5 мыңнан аса кітапты сирек басылымдар қоры құрайды. Кітаптардың 1 500-ге жуық данасы цифрландырылып, пайдаланушыларға ұсынылған. 20 мыңға тарта тұрақты оқырман жыл сайын кітапхананың қызметін пайдаланады. Бүгінде қызметкерлер «Абай жолы» кітапханасы, «Алаш» сынды ірі жобаларды жүзеге асырып, ұлттық мұрамызды насихаттауға елеулі үлес қосып отыр, – дейді жыл кітапханашысы.
Тағы бір айта кетер жайт, Абай кітапханасы биыл мамыр айында «Рухани қазына – 2025» фестивалі аясында «Үздік облыстық маңызы бар кітапхана» аталымын жеңіп алып, 1 млн теңге көлеміндегі жүлдеге ие болған еді.
Абай облысы