Қоғам • Бүгін, 19:22

Қазақстанда бірқатар азық-түлік бағасы төмендеді – Ұлттық статистика бюросы

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2025 жылғы қыркүйекте айлық инфляция деңгейі 1,1% құрады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Қазақстанда бірқатар азық-түлік бағасы төмендеді – Ұлттық статистика бюросы

Азық-түлік тауарларының ішінде басты пияз 15,6%, картоп 10,3%, қызылша 9,5%, қырыққабат 9,3%, сәбіз 9%, жүзім 6,6%, қызанақ 5,9%, лимон 5,3%, алма 4,8% арзандаған. Бағаның қымбаттауы ас содасына - 2,8%, кофеге - 2,6%, апельсиндерге - 2,5%, жарма өнімдеріне - 1,5%, консервіленген жемістерге - 1,2%, дайын дәмдеуіштер мен тұздықтарға - 1,1% болды.

Азық-түлік емес тауарлар арасында биылғы қыркүйекте фотоаппарат бағасы 0,7% төмендесе, керісінше неке сақинасы 4,3%, қол сағаты 2%, цемент 1,4% қымбаттады. Киім-кешек пен аяқ киімге, тұрмыстық құралдарға, жуу және тазалау құралдарына баға деңгейі 1,1%, жеке пайдалануға арналған тауарларға 0,9%-ға өсті.

Әуе жолаушылар көлігі қызметтері 4,2%, шипажайлар 1% арзандады. Бұл ретте қоғамдық тамақтандыру қызметтері – 0,9%, шаштараз қызметтері – 0,7%, спорт залдар қызметі 0,3% өскен.

Жылдық мәнде күріш 8,2%, өрік 3,5%, жержаңғақ 2,2% арзандады. Кепкен жемістер мен жаңғақтар 2,3% қымбаттады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде еденге қоятын кір кептіргіш 35,8%, тоңазытқыш 21,2% арзандады. Ас үй құралдары, электродрель бағасының деңгейі 6,4%, электр шамы – 4,8%-ға өсті.

2024 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда аяқ киім жөндеу бойынша қызметтердің бағасы 9,4%-ға, тұрғын үй-жайларды күтіп ұстау және жөндеу бойынша қызметтердің бағасы 6,9%-ға өсті. Бассейн қызметтері 10,3%-ға, тренажер залдары 9,5%-ға қымбаттады.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40,0%, азық-түлік емес тауарлар – 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.