Әскер • Кеше

Әскери қызметшілерге жаңа төлем түрі енгізілді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда «далалық төлемдер» деген ұғым енгізіліп, оларды тағайындау ережелері мен тәртібі бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскери қызметшілерге жаңа төлем түрі енгізілді

ІІМ басшысы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай қамтуды, жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізді. Құжат 2025 жылғы 10 қазаннан бастап күшіне енеді. Бұйрыққа сәйкес, енді қазақстандық әскери қызметшілер тәулігіне 1,2 АЕК мөлшерінде (4718 теңге) далалық төлемдер ала бастайды.

– Далалық төлемдер әскери қызметшіге (мерзімді әскери қызметшілерден, әскери оқу орнының курсанттары мен кадеттерінен, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттілерден, резервте әскери қызмет өткеріп жүргендерден басқа) тәулігіне 1,2 АЕК мөлшерінде төленеді. Бұл төлем іссапар шығындарынсыз далалық жұмыстарда (арнайы далалық жұмыстардан басқа), тұрақты тұрғылықты жерінен тыс жерде орналасу жағдайына қарамастан, теңізге шығуларда, оқу-жаттығуларға қатысу немесе кемелердің жорықтарында төленеді, – делінген құжатта.

Сонымен қатар, әскери қызметшілер төлемдерді қызмет орнына қайтқаннан кейін жеті күн ішінде алады.