Инфрақұрылым • 30 Қыркүйек, 2025

Мәртөк ауданының үш елдімекеніне газ құбыры тартылды

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәртөк ауданының Қызылжар ауылдық округіне қарасты үш елдімекеніне газ құбыры  тартылды. Осылайша  Бөрте, Қызылжар, Шевченко ауылдарының тұрғындары жылдағыдай    көмір, тамызық  сатып алу бейнетінен арылды.  Жалпы ұзындығы 74 шақырым болатын көгілдір отын құбырын  тартумен «Ерзат» өндірістік кооперативі айналысты. Осы жобаға жергілікті бюджеттен 1,4 млрд теңге бөлінген еді, деп хабарлайды Egemen.kz

Мәртөк ауданының үш елдімекеніне газ құбыры тартылды

«Бөрте, Қызылжар, Шевченко ауылдарының тұрғындары күн суытып, қыс түскенше  жұмыстың аяқталғанын ерекше күтті.  Енді  көшелерден  құбырды үйлерге жалғау,  газ жылыту пештеріне қосу  және коммуналдық  құжаттарды рәсімдеу жұмыстары басталады. Тұрғындарымыз да қарап отырмай, жаз бойы  үйлерінде даярлық жұмыстарын жүргізді.  Қазіргі уақытта  Бөртеде –358, Қызылжар ауылында – 383, Шевченко ауылында 187 тұрғын бар. Ең алысы –Бөрте. Осы елдімекен Ресей Федерациясы Орынбор облысымен шекараласып жатыр», дейді Қызылжар ауылдық округінің әкімі Арман Ахметов. 

Қысы қытымыр  Мәртөк ауданында пеш жағу науқаны қазан айынан басталып, мамыр түскенше созылатын. Көмір бағасы  жылма-жыл қымбаттап тұрғанын ескерсек, ауыл тұрғындарына көгілдір отынға қосылу әрі қолайлы, әрі төлем бағасы  көмірге қарағанда арзанырақ. 

Соңғы кезде Мәртөк ауданының елдімекендерін орталықтандырылған газ құбырына тарту жұмыстары жүйелі түрде іске асып жатыр.  Биылғы жылдың өзінде   ауданның 16 елдімекеніне орталықтандырылған газ құбыры тартылса, алдағы жылы 12 ауыл кезекте тұр.

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30