Ғалам ғажаптары • Кеше

Жаңа планета пайда болды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аризона университетінің астрономдары планетаның жаңадан жаралып жатқан сәтін суретке түсіріп алды. Ғаламшар Жерден 437 жарық жылы қашықтықтағы WISPIT-2 жұлдыз жүйесінде орналасқан, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа планета пайда болды

Бұған дейін ғалымдар тек жұлдызды айнала қоршаған газ бен шаң арасындағы бос кеңістікті көріп келген. Сол жерлерді жас планеталар «тазалайды» деп болжам жасалғанымен, ешқашан нақты дәлел болмаған. Енді міне алғаш рет жас планетаның өзі көзге анық түсіп отыр.

Зерттеу Чилидегі Магеллан телескоптары арқылы жүргізілгкн. Арнайы MagAO-X технологиясының арқасында Жер атмосферасының әсері азайып, ғарыштағыдай анық сурет түсіруге мүмкіндік туған.

Суреттен планета жұлдызынан шамамен 56 астрономиялық қашықтықта орналасқаны байқалады. Ол сутегіні өзіне тартып, қызған бетінде плазмаға айналдырып, жарық шығарады.

Ғалымдардың айтуынша, бұл көрініс Күн жүйесінің алғашқы миллиондаған жылдардағы бейнесін еске салады. Яғни Юпитер мен Сатурн дәл осылай пайда болған болуы мүмкін. Айырмашылығы — жаңа табылған планета біздің басқа ғаламшарлардан он есе ірі.