Тәрбие • Бүгін, 09:42

Елімізде 314 мың бала тегін үйірмелерге қатысып жүр

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылдан бастап Қазақстанда қосымша білім беру ұйымдарына ваучерлік қаржыландыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде 314 мың бала тегін үйірмелерге қатысып жүр

Фото: gov.kz

Қаржыландыру «бір балаға – бір ваучер» қағидаты бойынша беріледі. Бұл балаларға шығармашылық, спорттық және білім беру бағытындағы тегін үйірмелер мен секцияларға қатысуға мүмкіндік береді.

Бүгінде пилоттық жоба Астана, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда және Шымкент қалаларында қолға алынған. 

«Бүгінгі күні 300 мыңнан астам бала қосымша білімге ваучер алды. Ата-аналар өз балалары үшін үйірмелер мен секцияларға өздері таңдайды. Қажет болған жағдайда олар құжаттарды қайта тапсырмай-ақ, үйірмені өзгерте алады. Бұл ретте ваучер сақталады», деді Тәрбие және қосымша білім беру департаменті басқармасының басшысы Алтай Рахимберлин.

Айта кетейік, жобаны Мәдениет және ақпарат, Туризм және спорт, Оқу-ағарту, сондай-ақ Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерімен бірлесіп жүзеге асырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар