Форум • Бүгін, 07:53

Әдеп жөніндегі уәкілдердің форумы

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен Қызылорда облысында Әдеп жөніндегі уәкілдердің республикалық форумы өтті. Оған Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, орталық және жергілікті атқарушы органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдері, мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік қызмет ардагерлері қатысты.

Әдеп жөніндегі уәкілдердің форумы

Сурет: gov.kz

Форумның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Әділетті Қазақстан», «Адал азамат» қағидаттарын ілгерілетіп, мемлекеттік қызметшілер арасында заң мен тәртіптің орнығуына айрықша ықпал ету. Мұнда, әсіресе Әдеп жөніндегі уәкілдерге ерекше жауапкершілік жүктеледі.

Іс-шараның ашылуында Д.Жазықбай Президенттің Жолдауында айтқан «Заң және тәртіп» – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры. Қоғамда осы қағиданы түбегейлі орнықтыру үшін барлық құзырлы органдар арасында ортақ көзқарас пен ортақ ұстаным болуға тиіс» деген сөзін тілге тиек етіп, «Заң және тәртіп» қағидаты мемлекеттік қызметшілерден бас­тау алу керектігін атап өтті.

Агенттік төрағасының айтуын­ша, мемлекеттік органдарда жаңа­дан Профилактика қызметін құру көз­деліп отыр. Оның негізгі міндет­тері – жемқорлықтың алдын алу жөнінде шаралар қабыл­дауды қамтамасыз ету, мемлекет­тік қызметтердің сапасына ішкі бақылауды жүзеге асыру, ведомство­лық бағынысты ұйымдарының қызметін, оның ішінде комплаенс-қызметтердің қызметін үйлестіру.

Сондай-ақ ерекше назар аудара­тын маңызды өзгерістердің бірі – қызметтік тергеп-тексеру рәсімдерінің институционалдық түрде қайта құрылуы. Бұл ретте кадр қызметтері өздерінің негізгі міндеті – персоналды дамыту мен тиімді кадрлық саясатты жүргізуге бағытталса, қызметтік тергеп-тексеру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу өкілеттігі толықтай Профилактика қызметіне беріледі. Бұл өзгерістер жаңа заң жобасында нақты қарастырылып, оны іске асыру барысында Әдеп жөніндегі уәкілдер жетекшілік рөл атқарады.

Форумда жаңар­тылған ант мәтіні де талқыланды. Жаңартылған анттың басты міндеті – мемлекеттік қызметшіні құқықтық ғана емес, сондай-ақ моральдық міндеттер де жүктелген мемлекеттің өкілі ретінде айқындау.

Форумға қатысушылар Әдеп жөніндегі уәкілдердің дербес­тігін күшейтуге, оларға жүктеле­тін міндеттерді тиімді орындау тетіктеріне қатысты ойларын ортаға салды. Қазіргі таңда республика бойынша мемлекеттік органдарда 770 Әдеп жөніндегі уәкіл қызмет атқарады. 

Соңғы жаңалықтар