Салық • Бүгін, 08:43

Шетелдік интернет-компаниялар қанша салық төлейді?

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2022 жылдан бастап елімізде шетелдік интернет-компанияларға қатысты қосылған құн салығы (ҚҚС) енгізілді. Бүгінде ол «Google салығы» деп аталып жүр. Қазір елімізде ҚҚС төлейтін 110-нан астам халықаралық компания тіркелген, оның 13-і биыл қосылды.

Шетелдік интернет-компаниялар қанша салық төлейді?

«Ranking» сарапшыларының мәлі­ме­тінше, Үкіметте бұл салық шетелдік интернет-компанияларды отандық ком­паниялармен теңестіріп, нарық­ты бәсекеге қабілетті етеді деген пікір бірнеше рет айтылды. Шындығында, жағдай мүлде басқаша. Отандық компаниялар, соның ішінде интернет-компаниялар мен маркетплейстер ҚҚС-тан бөлек тағы да көп­теген салық пен төлем жасауға міндетті.

Шетелдік компаниялар тек ҚҚС төлесе, отандық компаниялар ҚҚС, КТС (корпо­ра­тивті табыс салығы), әлеуметтік салық, мүлік салығы (егер болса), басқа да са­­лықтар, кеден алым­дары (қажет бол­­ған жағ­дайда), әлеуметтік ауда­рым­дар, жұ­мыс берушінің міндетті зейнет­­ақы жар­насы, міндетті әлеуметтік ме­ди­­циналық сақтандыру аударымын тө­лей­ді.

Түсінікті болу үшін шетелдік компа­ниялардың кейбірін және ҚҚС-ты не үшін төлейтінін айтып өтейік: Мәселен, «Google» компания­сы «Google Play» арқылы жарнама қызметтерін ұсынғаны, сондай-ақ қосымшалар мен медиаконтент сатқаны; «Apple» компаниясы «iTunes» және «App Store» арқылы контент сатқаны, сондай-ақ «Apple Music» және «iCloud» қызметтеріне қосылғаны; «Netflix» үздіксіз бейне тарату қызметі; «Amazon» компаниясы «Amazon Web Services» (AWS) платформасы арқылы саты­латын цифрлық тауарлар мен дерек­терді желіде сақтау қызметтері үшін салық төлейді. Былтырдан бастап тізімге «Temu», «Garmin», «Twitch», «1688.com Pte Ltd», «Alibaba.com», тағы басқа компаниялар енді.

2024 жылдың қорытындысында 76 шетелдік интернет-компания ел бюджетіне шамамен 41 млрд теңге төледі (бұл тізімге әлемдік IT-алыптар мен онлайн-маркетплейстер кіреді). Мәселен, «Temu» – 5,9 млрд теңге, «iHerb» – 4,6 млрд теңге, «Lamoda» – 1,3 млрд теңге, «eBay Marketplaces GmbH» – 308,2 млн теңге, «Aliexpress Russia Holding Pte Ltd» 151,1 млн теңге.

«Елдегі ең ірі бес маркетплейс мемлекет қазынасына 185,5 млрд теңге аудар­ды. «Kaspi.kz» – 133,7 млрд теңге, «Wildberries» – 37 млрд теңге, «Ozon» – 9,8 млрд теңге, OLX – 3,6 млрд теңге, «Flip.kz» 831 млн теңге салық төледі.

«Көріп отырғанымыздай, «Google салығы» ойын шарттарын тек ішінара теңестірсе де, шетелдік интернет-компаниялар әлі де басымдыққа ие. Шетелдік интернет-компания­лар тек цифрлық қызметке ҚҚС төлесе, отандық компаниялар, яғни ірі маркетплейстер немесе сервистік платформалар бірқатар міндеттемені орындайды. Нәтижесінде, отандық компаниялар қазынаға айтар­­лық­тай үлес қосып, сондай-ақ халықты жұмыс­пен қамтамасыз етеді, инфра­құрылымды дамытып, мемлекет экономикасына инвестиция салады. Шетелдік онлайн-алыптар өз көлемі мен табысына қарамастан, Қазақстанда тек шартты салық төлеуші болып отыр. Олар тек ең қажетті міндеттемелерді орындап жат­қанда, бюджетті толықтыру әрі елдің әлеуметтік және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету міндеті жергілікті компаниялардың еншісінде қалады», дейді сарапшылар.

Соңғы жаңалықтар