Аймақтар • Бүгін, 07:50

Ұлы рухтың мәңгілік ізі

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зайсанның көкжиегін көмкерген Шілікті жазығы – ежелден қасиетті мекен. Бүгінде сол кең жазирада тарихтың тамырына терең бойлайтын тағылымды іс-шара өтті. Сақ патшасына арналған еңселі белгітас бой көтеріп, елдің мерейі өсті.

Ұлы рухтың мәңгілік ізі

Бұл бастама Қазақстан Рес­­пуб­­­ликасы Президентінің жа­нын­­дағы Ұлттық ғылым акаде­мия­сының қолдауымен және «Қас-Сақ» халықаралық қайы­рым­дылық қоғамдық қорының ұйым­дастыруымен жүзеге асты. Белгі­тас құр ескерткіш қана емес, көне дәуір­ден сыр шертетін аманат, ұр­пақ санасына ұялайтын тарих парағы.

Салтанатты іс-шарада өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда ғалымдар мен тарих­шылар Шілікті өңірінен табыл­ған жәдігерлердің өркениеттік маңызына тоқталды. Сақ дала­сының мұрасы тек Қазақстанға ғана емес, күллі адамзат өркение­тіне ортақ құндылық екені тағы бір мәрте айқындалды.

Жиын тек ғылыми пікірта­ласпен шектелген жоқ. «Бейбіт­шілік және келісім» шеруі өтті, көпшілік назарына «Ұлы Сақ­тар өркениетінің ошағы – Шілік­ті» көрмесі ұсынылды. Баба­лар рухына арналып ас бері­ліп, айтыскер ақындар жыр төкті. Этнофестивальда көне дәстүр мен ұлттық өнердің бояуы
байқалды.

Шіліктідегі Алтын адамның бедерлі бұл мүсіні елдік рухтың, мәңгілік мұраттың нышаны. Ол Зайсан өңірінің мәдени келбетін жаңа қырынан танытып, жас ұрпақтың жүрегіне «біз – сақ­тың жұрағаты, Ұлы дала – алтын бесігіміз» деген сенімді ұялатары сөзсіз.

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Зайсан ауданы

Соңғы жаңалықтар