Экология • Бүгін, 22:54

Жетісуда «Таза бейсенбі» акциясы нәтижелі өтті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында өткен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына 5767 адам қатысып, 111 арнайы техника жұмылдырылды. Бірігіп атқарылған шара барысында 203 гектар аумақ қоқыстан тазартылып, 494 тонна тұрмыстық қалдық полигондарға жеткізілді. Сонымен қатар, табиғатты жасылдандыру мақсатында 300 түп ағаш отырғызылып, 2230 метр қоршау мен 3500 метр қақпа түрлі түске боялды, – деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жетісуда «Таза бейсенбі» акциясы нәтижелі өтті

Экологиялық бастамадан Кербұлақ ауданының тұрғындары да қалыс қалмай, белсенділік танытты. Жыл басынан бері ауданда 30-ға жуық тазалық шарасы ұйымдастырылып, оған 3 мыңнан астам адам қатысты. Соның нәтижесінде 2 мың тоннадан астам қоқыс шығарылып, саябақтар мен демалыс орындарына жаңа көшеттер отырғызылды.

Акцияға қатысқан Сарыөзек кентінің тұрғыны Бөкен Рысбеков табиғатқа жанашырлық танытудың маңыздылығына тоқталды.

– Қоршаған ортаны қорғау – әрбір азаматтың борышы. «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» деп халқымыз бекер айтпаған. Табиғатты аялау арқылы біз өзіміздің болашағымызды қорғаймыз. Сондықтан әр тұрғын сенбілікке қатысып, тазалықты өз үйінен бастап, ауыл-аймағына дейін үлес қосуы қажет, – деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар Жетісу өңірінде алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Соңғы жаңалықтар

Алтын - құнын жоғалтпайтын актив

Экономика • Бүгін, 18:00

Сарбаздар AI-sulu-мен танысты

Айбын • Бүгін, 10:47