Салық • Бүгін, 19:21

Жаңа Салық кодексі: қандай бизнес түрлері оңайлатылған режимді сақтайды?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексі аясында арнаулы салық режимдерін реттейтін құжаттарды талқылауға шығарды, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа Салық кодексі: қандай бизнес түрлері оңайлатылған режимді сақтайды?

Жеңілдетілген декларация негізіндегі режимді сақтап қалатын негізгі бағыттар тұрғындарға бағдарланған қызмет түрлері болмақ. Атап айтқанда, 2000 шаршы метрге дейінгі бөлшек сауда (дәріханаларды қоса алғанда), интернет арқылы тауар сату, тамақтану мен қонақүй қызметтері, жолаушы тасымалы, тұрмыстық және құрылыс жұмыстары, шығармашылық индустрия, спорт пен мәдениет, ауыл шаруашылығы салаларына бұл мүмкіндік беріледі.

Нәтижесінде жеңілдетілген режим барлық салық төлеушілердің шамамен 70%-ына қолжетімді болып қалады. Ал ірі бизнес өкілдері жалпыға бірдей белгіленген режимге көшеді.