Спорт • Кеше

Автокросс үздіктері марапатталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Letto Park Көкшетау» автодромында автокростан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Автокросс үздіктері марапатталды

Жергілікті әкімдіктердің қолдауымен өткен үш кезеңдік дода Екібастұз, Петропавл және Көкшетау қалаларында ұйымдастырылды. Жарыс ережесіне сәйкес спортшылар «Д1-1600» және «Д2-1600» санаттарында бақ сынады. Қорытынды есепте маусым үздіктері Туризм және спорт министрлігінің арнайы медальдары мен дипломдарымен марапатталды. Сонымен қатар демеушілер тарапынан бағалы сыйлықтар да табысталды.

Соңғы жылдары бәсең тарта бастаған автоспорттың бұл түрі қайта қарқын алып, қатысушылар мен көрермендердің қызығушылығы артып келе жатқанын аңғаруға болады.

Нұрпейіс ҚОНЫСБАЙ,

автомотоспорттан мемлекеттік жаттықтырушы